
Фото: Ашық дереккөз
86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен күш сынасып, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Тағы бір 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өту құқығына ие болды. Айбек Оралбай да ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.